ЖСДП атынан президенттікке ұсынылған кандидат Нұрлан Әуесбаев Астанадағы №198 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Нұрлан Әуесбаев. Фото: Информбюро

"Көңіл-күй өте жақсы. Біз барлық өңірде үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Міне, енді мен өз сайлау учаскеме азаматтық парызымды өтеу үшін келіп тұрмын. Біздің команда үлкен жұмыс атқарды, мен оларға разымын", – деді Нұрлан Әуесбаев.

Дауыс беру таңғы 7.00-де басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Бірақ барлық учаскелер ондай кестемен жұмыс істей бермейді. Кейбір учаскелерде сайлаушылар тізіміндегі барлық сайлаушы таңдау жасаса, дауыс беру аяқталды деп жарияланады.