Netflix стримингтік сервисі оңтүстік кореялық "Кальмар ойыны сериалының екінші маусымы туралы ақпарат таратты.

Сондай-ақ, Netflix сериалдың режиссёрі мен сценаристі Хван Дон Хёктің мәлімдемесін жариялады. Оған сәйкес, режиссёр қазіргі таңда сериалдың жалғасын шығару бойынша жұмыс істеп жатыр.

Режиссёрдің айтуынша, екінші маусымда көрерменде Сон Ки Хунмен және ойын жүргізушісімен қайта кездеседі.

Бұған дейін Хван Дон Хёк Vanity Fair басылымына берген сұхбатында сериалдың екінші маусымы ең ерте дегенде 2023 жылдың соңына дейін шықпайтынын мәлімдеген болатын. Екінші маусымның таныстырылымы 2024 жылы болуы мүмкін.

"Сериалдың екінші маусымы міндетті түрде болады. Ол қазір менің басымда. Қазіргі таңда мен жоспарлау үстіндемін. Бірақ, ол қашан және қалай шығатыны туралы айтуға әлі ертерек. Бірақ, мен Сон Ки Хун қайта оралып, әлем үшін тағы бір нәрсе жасайтынына уәде беремін", – деді Хван Дон Хёк.