Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот күзде басталуы тиіс, деп хабарлады ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов.

Мәжіліс кулуарында тілшілердің сауалдарына жауап берген Асқар Әмірханов: "Күзге қарай айқындалады. Сот болады", – деп жауап берді.

Ол істің ашық не жабық түрде қаралатынын сот шешетінін айтты. Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты материалдар құпия.


Оқи отырыңыз: ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" деп танылды