Jusan Bank компаниялар тобы мемлекет бақылауына қайтарылды
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығымен қайтарылды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.
"Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді", – делінген банк хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Биржада доллар бағамы 1,7 теңгеге өсті
Еске салсақ, 2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылған. Іс жүзінде Қазақстан Үкіметі топтың үстінен бақылауды жоғалтқан болатын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізді. Қажетті құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады.
Банк бұрын алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтаратын болады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жұмыстары жалғастырылатын болады.