Астанада 29 тамызда JOLTAP әлеуметтік жобасы аясында "Баршаға мүмкіндік" он модульдік пунктінің ашылуы өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру, мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес ала алады. JOLTAP жобасы аясында оқыту толығымен тегін. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі. Түлектердің кандидатуралары JUMYS TAP» Telegram ботында тегін ілгерілейтін болады.

Оқушылардың алғашқы топтары құрылды, бірінші ағымда жеті цифрлық дағды бойынша 177 оқушы оқуға кірісті: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер, веб-дизайнер (сайттарды әзірлеу).

"Цифрлық дағдыларды меңгеру жастар үшін табысты карьераның ажырамас бөлігіне айналып жатыр. Көптеген бағыттардың ішінде біз жаңа мүмкіндіктер әлеміне жол ашатын және еңбек нарығында артықшылық беретін жеті цифрлық дағдыны атап өттік",  –  деп жазыған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Баланы өзіне емес, біреуге жұмыс істеуге тәрбиелейміз". Мамандық таңдаудағы қателіктер.


JOLTAP жобасының мақсаты – тұрғындардың өз табысын арттыру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге көмектесу. Жобаның барлық құралдары толығымен тегін.