Археологтар Израильдің оңтүстігіндегі Негев шөлінен көне мешіттің іргетасын тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Мешіт іргетасы Рахат қаласындағы жаңа кварталдың құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Көлемі шағын әрі формасы шаршы тәріздес келген. Сондай-ақ, михраб – жартылай дөңгелек ғибадат орны болған. Мешітке таяу жерден византия кезеңінің фермер үйі және ерте ислам кезеңінің "сән-салтанатты помещик жері" де табылған.

Euronews сайтынан скриншот

Израиль мамандары бұл артефактілердің ғалымдарға аймақтың христиан дінінен Исламға қалай өткенін тереңірек түсінуге септігін тигізетінін айтады.


Оқи отырыңыз: Басқа майданның маршалы