Израиль әскері құрлық арқылы Ливанды басып кіруге дайындалып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

ЦАХАЛ армиясының қолбасшысы басты мақсатымыз Хезболла ұйымының жетекшілері мен оларға тиесілі инфрақұрылымдарды жою деп отыр.

Израиль тарабы әуе шабуылдарды әлі тоқтатқан жоқ. Ливанның денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстігін бомбалау кезінде 500-ге жуық адамның қаза болғанын хабарлаған.

Көбі әйелдер мен балалар. Бірақ кеше Хезболла тобы да Тель-Авив қаласын бірнеше рет зымыранмен атқылады.

Әлем елдерінің көбі өз азаматтарын Ливаннан кетуге шақырып жатыр. Себебі, тараптар арасындағы жағдай ушығып барады.