Италия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
27 сәуір күні Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды. 27 сәуір күні Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жас ғалымдарға баспана кілтін табыстады