Ит пен мысық аулайтындар жұмысын видеоға түсіруге міндеттеледі
Әзірленген стандарт әлі қолданысқа енгізілмеді.Ит пен мысық аулайтындар өз жұмысының барысын сурет пен видеоға түсіруге міндеттелмек, деп хабарлайды Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі.
Институт иттерді аулау және тасымалдау процесін реттеуге, күтіп ұстауға бағытталған тиісті стандарт жобасын әзірледі. Қоғам тарапынан қосымша ұсыныстар аталған стандартқа енгізіледі.
"Жаңа талап бойынша қараусыз жүрген ит-мысықты аулайтын жұмыскерлер процесті бастан-аяқ фото немесе видеоға түсіруге міндеттеледі. Бұл жан-жануарларға қатыгездік көрсетуге жол бермеу үшін жасалып отыр. Аулау кезінде ит-мысықты өлтіруге, уланған азық беруге тыйым салынады. Мұнымен қатар оларды тасымалдайтын көліктер тор және жеделдету жүйесімен жабдықталуы тиіс", – делінген баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы "Құдайлар бағы": Тегін қызмет етсе де, мемлекетке пайда түсіріп отырған саябақ
Бұдан өзге аулау және тасымалдау кезінде қолданылатын препарат, құрылғы мен механизмдерге қатаң талап қойылады.