IQanat олимпиаданың ақтық сынына 1000 бала қатысып, 100 балаға оқуға грант жеңіп алды.

8 ай бойы бүкіл Қазақстан бойынша ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасы өтті. Бірінші кезеңге қатысқан 50 мыңнан астам оқушының ішінен ең қабілетті және ынталы 1000 бала суырылып шықты. Олардың арасында Алматыда көптен күткен финал ұйымдастырылып, шара 15-21 маусым аралығында, бір аптаға жуық уақытқа созылды.

IQanat – білім мен ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер беру арқылы ауыл балаларының өмір сүру деңгейін өзгерткісі келетін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы. Жобаны қолдайтын қамқоршылардың қатарында Тимур Турлов, Айдын Рахымбаев, Арсен Томский, Бауыржан Исабаев, Марат Жұман, Серік Төлбасы, Сергей Кан, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Дәулет Нұржанов пен Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі басқа да көптеген танымал қайраткерлер бар.

IQanat 2024 олимпиадасы Медеу таулы спорт кешенінде өткен салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Мұнда барлық балаға арнап танымал әнші Әmre ән шырқады.

Медеуде IQanat қамқоршылары барлық шығынды толық өтей отырып, Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқитын 100 баланы атады.

Тағы жүз өрен IQ Advance атты жоғары оқу орындарына түсуге арнайы тереңдетілген дайындық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 800 финалист Олимпиададан кейінгі IQIP (IQANAT Intensive Program) бағдарламасының қатысушылары қатарына енді. Оларды үш жыл ішінде тәжірибелі оқытушылар, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілер балаларды ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындайды, ағылшын тілін үйретеді, сондай-ақ болашақ мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.

IQanat бағдарламаларының арқасында балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.

Түркістан облысындағы Темірлан ауылынан келген 14 жастағы Бақтияр Қылышбай IQanat мектебінде оқуға мүмкіндік беретін грант иегерлерінің бірі атанды.

"Грант иеленгенімді естігенде, сахнада жылап жібердім. Содан кейін бірден анама қоңырау шалып, бүкіл үлкен отбасымызды қуанышқа бөледім. Ата-анам мені бүгінгідей ешқашан соншалық мақтан тұтқан емес шығар. Бұл менің өмірімдегі ең тамаша оқиға ретінде есімде қалатыны даусыз. Арманым – Гарвардқа түсу. Сену қиын, бірақ IQanat арманыма жетуге көмектеседі деп ойлаймын", – деді Бақтияр Қылышбай.

IQanat мектебінің түлегі Ернұр Төлегенов бүгінде Олимпиадаға ерікті ретінде қатысып, балаларға қол ұшын созған.

"Маңғыстау облысындағы шағын ауылдың тумасымын. IQanat арқасында қазір еліміздегі ең үздік университеттердің бірі – ҚБТУ-да екінші курста тегін оқып жатырмын. Бірнеше жыл бұрын бұны елестете алмаушы едім, қазір барлық арманым орындалды. IQanat-та мықты білім алып, достар мен тәлімгерлер таптым және нағыз үлкен отбасы мүшесі атандым. Енді борышымды өтеп, басқа балаларға тиісті биік белестерді еңсеруге көмектесу үшін Олимпиадаға ерікті ретінде келдім", – деді Ернұр Төлегенов.

Олимпиада аясында тестілеу бір күн ғана өтті. Қалған уақытта балалар нағыз зияткерлік және жігерлендіретін шыңдалудан өтті.