Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды. Олар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды" делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: Брата Ильи Ильина арестовали на два месяца по подозрению в даче взятки


Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.