2 қыркүйекте Алматы қаласында күрт күн суытып, Іле Алатауы тауларында қар жауды деп, хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Шымбұлақ тау-шаңғы курортының видеотрансляциясына сілтеме жасап,
Агенттіктің жазуынша, Шымбұлақ тау-шаңғы курортының орта және жоғарғы шаңғы жолдарын, сондай-ақ Богданович мұздығын қар басқан.
Видео кадры. Фото: ҚазАқпарат агенттігі
Дегенмен, қазіргі таңда қар еріген. Видеода тау сәлемдерін қалың тұман басып тұрғанын көруге болады.
Еске салайық, Қазгидромет Қазақстанның бірнеше өңірінде, оның ішінде Алматыда да күн суытатынын хабарлаған болатын.