ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп қылмыстық топты ұстады
Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деп күдікке ілініп отыр.
Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.
"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.