Ибадулла Аманбай грэпплинг AIGA нұсқасы бойынша Қазақстанда танылған "Бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг федерациясы" республикалық қоғам бірлестігінің президенті болып сайланды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

"Грэпплинг Америкада өте жақсы дамыған спорт. Бұл спорт түрін Қазақстанда биік деңгейге шығаруға жұмыс жасап жатырмыз. Жоспарда жаңа жобалар көп. Соның ішінде грэпплингті маркетингтік тұрғыда танымал етуге ерекше мән беріліп жатыр. Мақсатымыз – спортты жастарға насихаттау және грэпплинг спорт мектептерін көбірек ашу, ауыл, аудандарда да дамыту. Қазіргі таңда шетелден мықты чемпиондар, грэпплинг жұлдыздарын Қазақстанға шақырып жатырмыз", – деді Ибадулла Аманбай.