2022 жылғы күзде таныстырылуы тиіс iPhone 14 әлемдегі ең қымбат смартфондардың бірі болуы мүмкін.

Wedbush Securities сарапшысы Дэн Айвздің болжамынша, iPhone 14 смартфонының бағасының қымбат болуына оның құрамдас бөліктерінің дефициті ықпал етпек. Ол iPhone 14 бұған дейінгі моделінен шамамен 100 доллар қымбат болуы мүмкін.

Ол, сондай-ақ, компания шығындарды өзі өтемей, салмақты сатып алушыларға салатынын да таразылап айтып отыр. Егер Apple компаниясы бағаны көтеретін болса, онда iPhone 14 бағасы айтарлықтай жоғары болуы ықтимал. iPhone 13 және iPhone 13 Pro смартфондарының базалық моделі сәйкесінше 799 және 999 долларов тұрса, онда iPhone 14 және iPhone 14 Pro смартфондарының құны 899 и 1099 долларға жетуі мүмкін. Ал iPhone 14 Pro Max 1200 долларға сатылады деген болжам бар.


Оқи отырыңыз: Apple компаниясы iPhone мен iPad шығаруды тоқтатты