HBO сайтында "Жеті патшалық рыцары" фильмінің алғашқы сериясы жарияланды
Алғашқы серия Rotten Tomatoes нұсқасы бойынша 87 пайыз оң пікір жинады.
HBO әйгілі "Тақтар ойыны" (Game of Thrones) фильмінің кезекті приквелі саналатын "Жеті патшалық рыцары" (A Knight of Seven Kingdoms) фильмінің алғашқы сериясын жариялады. Бұл фильм Tales of Dunk and Egg хикаятының негізінде түсірілген.
Фильмнің бірінші маусым алты бөліктен тұратын болса, ол 23 ақпанға дейін көрсетіледі. Әр бөлік шамамен 30-40 минуттан тұрады.
Айта кетейік, "Жеті патшалық рыцары" фильмінің "Айдаһарлар үйі" мен "Тақтар ойыны" оқиғаларының арасындағы кезеңде болған оқиғаны сипаттайды.
Сериалды HBO сайтында көру үшін ақылы түрде жазылу қажет. Алғашқы серия Rotten Tomatoes нұсқасы бойынша 87 пайыз оң пікір жинады.
Фильм трейлері: