Ғылым және жоғары білім министргі Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстанда жоғары білім еңбек нарығының сұранысынан қалып келе жатыр. Министр үкімет кулуарында бұл мәселені шешу үшін бірнеше шара қабылданғанын айтты.

"Біріншіден, әр өңірде жаңа мамандықтар атласы жасалады. Мен бұл мәселемен 5 жыл бойы айналыстым. Енді бұл жоба 5 өңірде, атап айтқанда: Алматыда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарында жасалды немесе жасалып жатыр. Енді әр ЖОО-ға өңірдегі сұраныстарды, еңбек нарығы қалай өзгеріп жатқанын нақты түсінуі үшін барлық білім беру бағдарламасын осы картамен байланысты жасауы міндеттеледі", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Ғылым министрі ЖОО неліктен магистр мен доктор дайындаудан қашатынын түсіндірді


Саясат Нұрбек мемлекеттік білім беру стандарты толығымен қайта жасалғанын атап өтті. Айтуынша, биылғы оқу жылынан бастап, әр студенттің базалық мамандығының сыртында қосымша "майнер" алу мүмкіндігі бар. Мысалы, журналистикада оқып жүрген студенттің қалауына қарай, қосымша дата-аналитика үйренуге мүмкіндігі болады.

"Сонымен қатар, Қазақстанның барлық студенті электив ретінде үздік курстарды таңдап ала алуы үшін Coursera-мен үш жылдық келісім жасадық. Қазір 654 курсты пысықтап, қарап, аударып жатырмыз. Оның 50-і дайын. Келесі айда Coursera басшысы Қазақстанға келеді, сол кезде толыққанды презентация жасаймыз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, осы курстар арқылы әр студент сертификат алады. Яғни бенді әр түлектің базалық дипломмен қатар қосымша қабілеттерін растайтын 3-4 сертификаты болады.