Геннадий Головкин Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешеваның өкілеттігін жойды
Оны Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады.Қазақстан ҰОК Бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Утешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады", – делінген ресми хабарламада.
Жанар Утешова ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы болып 2024 жылдың 26 ақпанда тағайындалған болатын. Оған дейін жеке коммуникациялық компанияның бас директоры, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті коммуникация департаментінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
"Спорт саласындағы еңбек өтілі 2009 жылы Астана қалалық спорт Басқармасының баспасөз хатшысы қызметінен басталған. 2013 жылдан бері Геннадий Головкиннің PR- кеңесшісі, менеджері", – делінген Қазақстан ҰОК сайтында.