Газбен жүретін көліктер арнайы белгі қоюға міндеттеледі
Енді елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қою қажет.Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі қолға алынған шара бірінші қаңтардан бастап күшіне енді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Енді жүргізушілер газ жазуы белгіленген, леп белгісі мен қара жиегі бар сары түсті үшбұрыш белгіні көліктің көрінетін жеріне жапсыруға міндеттеледі. Осы белгі арқылы жабық паркингтерге ереже бұзып кіріп кететіндерге тосқауыл қойылмақ. Норманы орындамаған жүргізушілерге 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда газбен жүретін көлік мінетіндер көбейді