Скопьеде (Солтүстік Македония) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында матч өтті, онда жергілікті құрама Қазақстан командасымен кездесті.

Бірінші тайм тең деңгейде өтіп, қос тарап та гол соға алмады. Ал екінші таймда матчтың есебін алғашқы болып қазақстандықтар ашты. Жамбыл футболының түлегі, бүгінде "Женіс" клубының намысын қорғайтын Дінмұхаммед Караман әдемі соққысымен көзге түсті.

Матч тең есеппен аяқталды – 1:1. 54-минутта Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын алға шығарған, алайда 74-минутта Энис Барди есепті теңестіре білді.

Отандастарымыз алғашқы минуттардан-ақ шабуылға шықты және үзіліске дейін-ақ гол соғуға мүмкіндіктері болған. Ислам Чесноков бос қақпаға допты кіргізе алмады, Ғалымжан Кенжебек пен Иван Свиридовте тамаша мүмкіндіктер болды.