"Қазақстан" телерадиокорпорациясы футолдан Әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді, деп хабарлады арнаның баспасөз қызметі.

Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.

ХХІІ Әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциялардан бөлек, бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады.

"Ойындарды жүргізетін комментаторлар мен матчтар кестесі жақын уақытта жарияланады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: