Франция сенаты әйелдердің түсік жасату құқығын елдің Конституциясында бекіту бастамасын қолдады. 267 сенатор заң жобасын қолдап дауыс берсе, 50 депутат қарсы болып, ал 22-сі қалыс қалған. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі Франция президенті Эммануэль Макронның X желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлады. 

Енді заң жобасы 4 наурызда Конгрессте, яғни парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында қаралады. Өйткені, ол елдің Конституциясына өзгеріс енгізуді қажет етеді. 

Қазіргі таңда Франция әйелдері түсікті жүктіліктің он төртінші аптасына дейін жасата алады. 

Басылымның жазуынша, егер Конгресс заң жобасын мақұлдайтын болса, Франция әйелдердің түсік жасату құқығын Конституция негізінде қорғайтын тұңғыш ел болмақ. 


Оқи отырыңыз: Қызмет құны 12 миллион теңге: Қазақстанда суррогат анаға сұраныс жоғары