FlyArystan әуе компаниясы Астана мен Бішкек қалалары арасындағы тікелей рейстерді 10 маусымнан бастап жаңартуды жоспарлап отыр. Бұған дейін мұндай рейстер 2 мамырдан басталатыны хабарланып, бірақ іске аспай қойған болатын.

Әуе компаниясы жолаушыларды аптасы екі рет – сейсенбі және сенбі күндері Airbus320 ұшағымен тасымалдайды. Сапар ұзақтығы – 2 сағат.

Еске салайық, FlyArystan әуе компаниясы Астана мен Бішкек қалаларын жалғайтын рейстерді алғаш 2022 жылы 23 маусымнан бастап іске қосып, алайда кейін тоқтатқан болатын.


Оқи отырыңыз: FlyArystan лоукостерлері: Жолаушы борттағы қандай қызметтер үшін қосымша ақы төлейді?