3 шілдеден бастап Астанадан Ташкентке әр  дүйсенбі және сәрсенбі күндері рейс ұшады, деп хабарлады әуе компаниясы.

"Астана мен Ташкент арасында тікелей рейстерді 3 шілдеден бастап жүзеге асыра бастаймыз. Рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күндері жайлы Airbus A320 ұшағымен орындалады", – делінген хабарламада.

Бір бағытта ұшу құны 21 800 теңгеден басталады. Рейстің алғашқы күні билетті 30 785 теңгеден басталатын бағамен сатып алуға болады.

Билеттер FlyArystan мобильді қосымшасы және flyarystan.com сайтында сатылады.