Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында Алматыда 18 іс-шара өтеді, деп мәлімдеді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек мәлімдеді.

Мереке қарсаңында қалада NEET санатындағы жастар арасында киберспорт бойынша чемпионат, конкурстың қорытындысын жариялау және "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын тапсыру, ашық аспан астындағы кино кештері, подкаст жазбалары, жастар челлендждері мен қалалық квесттер, зияткерлік квесттер, Ашық есік күндері, "Jaz Energy" fest, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы, сенбіліктер және тағы басқа шаралар жоспарланған.

"Биыл жастар күнін мерекелеу идеясы "жастар бірге" ұранына негізделген. Жастар саясаты басқармасында жастар күнін өткізуге көптеген ұйым шоғырландырылды, өйткені бұл күнді жастардың өздері ұйымдастыра алады. Сондықтан 18 ірі іс-шараны ұйымдастыруға 25-тен астам түрлі ұйым, қоғамдық пікір көшбасшы, жастар ұйымдарының жетекшілері тартылды", – деді ол.

Сонымен қатар, іс-шара барысында "Жастар – елге" бірінші бағыты бойынша қайырымдылық және еріктілер акцияларын өткізу жоспарланып отыр. Бұл іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады. Басқарма өкілінің айтуынша, басты назар қазір өткізіліп жатқан 7-ден 9-ға дейінгі іс-шараларға аударылады.


Оқи отырыңыз: "Дарын" сыйлығы енді қоғамдық қызметтегі жетістіктер үшін берілмейді


Екінші бағытта – "Жастар – мемлекет дамуының негізгі драйвері" яғни, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кезекті іс-шаралар жалғасатын болады. Олардың арасында "Дарын" мемлекеттік сыйлығы және басқалары бар.

11-12 тамыз аралығында қалада ауқымды фестивальдер мен концерттік бағдарламалар өтеді. Іс-шараларға жастар қозғалыстары, көшбасшылар, қоғам белсенділері, жастар ұйымдары қатысады. Басқарма басшыларының айтуынша, аталған шараларға қатысу жастар үшін қолжетімді болады.  

Іс-шаралардың толық тізімімен jasalmaty.kz сайтында және басқарманың әлеуметтік желілерінде танысуға болады.