Еуропадағы Қазақстан азаматтары референдумда дауыс беріп жатыр
Шетелде жүрген қазақстандықтар да референдумға белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Қазіргі уақытта азаматтар Еуропаның бірқатар елдерінде орналасқан референдум учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр.
"Қазақстандықтар Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Молдова, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания және Португалия елдеріндегі учаскелерде дауыс беріп жатыр, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Кипр Республикасы аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан елшілігі жанынан №511 референдум учаскесі алғаш рет ашылды.