Ержан Ашықбаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Бұл қызметтен Ақан Рахметуллин босады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевты сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, 26 қыркүйекте мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылған болатын.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты