Ермек Көшербаев Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында. 

Ермек Көшербаев 2025 жылдың ақпан айынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

Еске салайық, бұл қызметті атқарған Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.