Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлының кандидатурасы келісілді.  

"Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды", – делінген мәжіліс хабарламасында. 

Еске салсақ, өткен аптада Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.


Оқи отырыңыз: Жаңа әкімдер тағайындалады: Мұрат Әйтенов пен Ералы Тоғжанов қызметінен кетеді