Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин видеожазба жасап, Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістерді жеңіл түрде әңгімеледі.

"Референдум – азаматтардың өз пікірін тікелей білдірудің ең демократиялық тәсілі. Бұл ретте Конституцияға енгізілетін өзгертулерге ерекше қызығушылық байқалып отыр. Сондықтан заңды терминдердің қиындығын ескере отырып, қысқа роликтерде қазақ және орыс тілдерінде конституциялық өзгерістердің негізін баяндап шықтым. Арнайы навигация реформаларды оңай түсінуге көмектеседі", – деп жазды Ерлан Қарин Telegram арнасында.


Оқи отырыңыз: Референдумға 11 млн 722 мың адам қатысады


Бейнежазбада ол Конституцияның бұрынғы және жаңа редакциясының айырмашылықтарына шолу жасады. Өзгертулер мен толықтырулар негізгі бес блокқа бөлінген.

  • Суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түбегейлі көшу.
  • Билік өкілеттіктерін бөлу;
  • Парламенттің ролі мен статусын күшейту;
  • Мемлекетті басқарудағы халықтың қатысуын кеңейту;
  • Азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдерін күшейту.