Ересектердің 40 пайызы әлеуметтік желіге отбасылық суреттерін салады
Алайда осы азаматтардың 24%-ы ғана өз балаларына отбасылық суреттерді жариялауға рұқсат береді.Халықаралық сауалнама нәтижесі бойынша, ата-аналардың 61%-ы балаларына цифрлық гаджеттерді пайдалануда теріс үлгі береді. Сондай-ақ ересектердің 54%-ы отбасына пайдалы цифрлық әдеттерді қалыптастыруға тырысқанын атап өтті, деп хабарлайды Sapio агенттігі.
Аталған сауалнамаға бүкіл әлем бойынша, 7-12 жас аралығындағы баласы бар 11 мыңнан астам респондент қатысты.
"Балалар өмірлік әдеттерді, соның ішінде цифрлық дағдыларды ересектерден тез үйреніп алуға бейім. Кей ата-ана баласынан өзі бойына сіңіріп үлгермеген тәртіпті сақтауды талап етеді. Мысалы, ересектердің 48%-ы күнделікті гаджетті 3-5 сағат пайдаланады. Респонденттердің 62%-ы мұны қалыпты деп санайтынын айтты. Алайда осы азаматтардың 53%-ы өз баласының гаджеттерді 2 сағаттан артық пайдаланбағанын қалайды", – делінген хабарламада.
Мұнымен қатар, ересектердің 37%-ының отбасылық суреттерді әлеуметтік желіге салатыны белгілі болды. Алайда осы азаматтардың 24%-ы ғана өз балаларына отбасылық суреттерді жариялауға рұқсат беруге дайын.
"Осы орайда барлық отбасы мүшесімен бір ережені ұстану тиімді. Егер бұлай жасау мүмкін болмаса, балаларға себебін түсіндіру қажет. Мысалы, ата-аналарға бұл жұмыс істеу үшін керек", – деді Kaspersky компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.
Сондай-ақ, ол ата-аналарға арналған бірнеше кеңесін бөлісті:
- интернетте балалармен бірге отырып әртүрлі тақырыпты іздеу және зерттеу;
- баланың құрылғысына онлайн қауіпсіздік қосымшасын орнату. Әсіресе, цифрлық әлемді енді танып бастаған балалар үшін маңызды.
Еске салсақ, Алматы қаласында барлық технологиялық университет біріктірілген бірыңғай коммуникация кеңістігі құрылғаны туралы хабарлаған едік. Қала тұрғындарының университетте 3-6 айға созылатын курс оқып, белгілі бір дағдыларды үйреніп шығу мүмкіндігі бар.