Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
Олар мемлекеттік мекемелер өткізетін барлық мәдени іс-шараға билетсіз кіре алады.Мәдениет және спорт министрлігі ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қандай мәдени-ойын-сауық шараларына тегін кіре алатынын айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мемлекеттік мекемелер өткізетін барлық мәдени іс-шараға тегін кіре алады.
"Мемлекеттік мекемелер өткізетін іс-шараларға: спектакльдер; мәдени-ойын-сауық іс-шаралары, цирк, кітапхана, музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызмет түрлеріне I және II топтағы, 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіре алады. Ал III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50 пайыз жеңілдікпен кіреді" – делінген хабарламада.