Еліміздегі төтенше жағдайға және интернет жұмысындағы тұрақсыздығына  байланысты enpf-otbasy.kz онлайн платформасының жұмысы төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды, деп хабарлады Отбасы банк.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жаңалықтарды ресми парақшаларымызбен ресми сайттан қадағалауыңызды сұраймыз",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ХҚКО-лардың жұмысы қайта жанданды.