Адамдар әдетте кофені көңіл-күйін көтеру үшін ішеді. Содан ол шаршаған адамға қуат береді деген қате түсінік қалыптасты. Шын мәнінде, кофеин денеге жаңа әсер сыйламайды. тек бұрыннан бар нәрсені белсендіреді, деді психотерапевт, диетолог Сергей Обложко Sputnik радиосына берген сұхбатында.

"Адамдар кофені қуат көзі деп ойлайды. Шаршағанда, күші таусылғанда қуат алу үшін кофе ішу жеткілікті деп ойлайды. Негізі олай емес. Кофеин жай ғана ішкі энергия қорын жағуға көмектеседі. Жасушалардың жұмысын тездетіп, ағзадағы энергия қорларын жаға бастайды. Химия тұрғысынан бұл энергия көзі емес, метаболизмнің стимуляторы", – дейді диетолог.


Оқи отырыңыз: Ұйқы алдында қандай дәрі ішуге болмайды? Дәрігер кеңесі


Дәрігер кофенің ағзаға әсерін дұрыс түсінбеу өте зиян болуы мүмкін екенін ескертті.

"Ішкі энергия көздері қалмағанда және қатты шаршаған кезде, кейбір адамдар кофе ішіп, сергек жүремін деп ойлайды. Ол кейде мүлдем басқаша әсер етуі мүмкін. Күш алудың орнына ашуланшақ болып, назарды бір жерде ұстау қиындауы мүмкін. Көбінесе бұл жүргізушілерде болады. Олар кофеиннен қуат аламын деп ойлайды, бірақ ішкеннен кейін бірден ұйықтап қалады", –  деді Сергей Обложко.

Егер адам қатты шаршаса, ұйықтап демалғаны жөн. Маман мұндай жағдайда көп мөлшерде кофе ішпеуге кеңес берді.