Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болады
Одан өзге мемлекеттік қызметтің кез келген түрін орталықтан тыс ала аласыз.Енді Қазақстан азаматтары халыққа қызмет көрсету орталығының маманын үйге шақырта алады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жаңашылдық туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының өкілдері мәлімдеді.
Бірақ баспанаңызға баратын менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді көрсетпейді.
Одан өзге мемлекеттік қызметтің кез келген түрін орталықтан тыс ала аласыз. Ол үшін eGov порталына кіріп, "жеке менеджерді үйге шақыру" батырмасын басу қажет.
1414 байланыс орталығы арқылы да өтініш беруге болады.
Ал мамандар мәліметтерді нақтылауға және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін тұрғынға алдын ала хабарласады.