Енді қысқа мерзімді курстар да дипломға теңестірілгелі отыр. Бастысы, қызметкер біліктілікті арттыру курсын тәмамдағанын не Career Enbek порталы арқылы білім деңгейін дәлелдесе болғаны, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. 

Осылайша, бейресми оқу да ресми деп танылады. Демек, жұмыс өтілі мен дипломнан бөлек, сертификаттар да білім деңгейін дәлелдеу үшін қолданыла береді. 

Еңбек министрлігі кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекіткен. 

Құжат бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелерін де қамтып отыр.