Енді онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі
Оған "Ұлттық ақпараттық технолгиялар" АҚ жауапты.Қазақстанда онлайн петиция жариялау ережелеріне тағы да өзгерістер енгізілмек. Жаңа өзгерістер петицияға пікірлер жазуға қатысты.
Петицияларда пікір жазу функциясы сақталады, дегенмен, оларды қадағалап, тексеруге жауапты уәкілетті орган белгіленеді. Ол – "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – "Ұлттық ақпараттық технолгиялар" АҚ.
"Петиция бойынша пікірге немесе оның бөлігіне шағым түскен кезде уәкiлеттi орган пікірлердің Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын бұзуы тұрғысынан тексереді. Оператор пікірлерді немесе оның бір бөлігін уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу туралы хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жояды (жасырады)", – делінген ережеге енгізілетін өзгерістер жобасында.
Еске салайық, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының петицияға қосылу және интернет-ресурста еркін қолжетімді түрде комментарий (пікір – ред.) орналастыру арқылы оған қатысты өз көзқарасын білдіруге құқығы бар.
Оқи отырыңыз: 2024 жылы онлайн петициялар үкімет деңгейінде қаралады