Енді депутаттар заң шығарудан бөлек тергеумен де айналысуы мүмкін
Мәжілісмендер заңсыз шетелге шығарылған активтерге байланысты істе парламенттік тергеу функциясын қосуды ұсынып отыр.Мәжілісмендердің айтуларынша, парламенттік тергеу функциясы – резонанстық қылмыстардың ашық әрі қоғамға жария түрде тергелуіне мүмкіндік бермек6 деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Мұндай ұсыныстарды парламенттік оппозиция туралы заң жобасына 2013-2020 жылғы ұсынғанда үкімет үнемі қарсы болып, тосқауыл қойып отырды. Ал еліміздің демократиялық дамуның өзі мұндай институтты талап етуде. Негізінде дамыған елдердің барлығында парламенттерге тергеу құзыреті берілген", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.