Енді алаяқтардың кесірінен бұғатталған есепшоттарды ашу үшін сот шешімі керек емес
Енді алаяқтардың кесірінен бұғатталған есепшоттарды ашу үшін сот шешімі керек емес, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ұлттық банктің хабарлауынша, бұдан былай қалып қойған ақшаны тергеу органдарының хабарламасымен немесе прокурордың қаулысымен-ақ қайтаруға болады. Одан бөлек, қанша жерден күдікті деп танылса да есепшот иелеріне түсетін әлеуметтік төлемдер, зейнетақы мен жәрдемақы, шәкіртақы мен жалақы бұғатталмайды.
Ал күмәнді ақша операцияларын тексеру мерзімі үш күннен бес тәулікке ұзартылып отыр. Сонымен қатар жуырда күдікті банк карталары мен электронды әмияндардың бірыңғай базасы пайда болмақ.
Айта кетсек, бүгінде алаяқтарға қаржы шығаруға жәрдемдескен дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.