Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 25 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жолдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

"23-35 жас аралығындағы барлық азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы хабарламалар жіберілді. Еліміздің әрбір азаматы еnbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады",  – делінген ақпаратта.