Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамағынан босату туралы өтінішін Апелляциялық сот қанағаттандырмады. Судья қаулысы өзгеріссіз қалып, "қызметтік мансабын асыра пайдаланды" деп айыпталған Біртановқа қатысты шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін жалғасады, 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мемлекеттік айыптаушы Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу сотына шектеуді ұзарту туралы ұсыныс тастаған. Прокурор бұл өтінішін "жәбірленуші тарап қылмыстық іс материалдарымен толық танысып алуы үшін қажет" деп түсіндірген болатын. Сонда Елжан Біртанов басты сот талқылауына дайын екенін айтып, апелляциялық сотқа арыз тастайтынын хабарлаған. Ол өзіне тағылған айыптың бірде-бірін мойындамайды.


Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: "Бостандықта жүрсем, елге көбірек пайдам тиер еді"


Алайда судья заң бойынша шағым үш жұмыс күні ішінде қаралуы керек екенін айтты. Соған байланысты енді ешқандай шағым қабылданбайды және қаулы да өзгертілмейді.

Айта кетейік, Елжан Біртанов бюджетке 1,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірді деп күдікке ілінген. Алайда 2 шілде күні бұл айып "қызметтік мансабын асыра пайдаланды" деген бапқа өзгертілді.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: