"Жаңа Қазақстан" депутаттар тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтарып беру туралы бастама көтерді. 

"Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді. Бұл Тұңғыш Президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру" делінген Мәжіліс депутаттарының мәлімдемесінде.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары Конституцияға өзгерісті президент сайлауына дейін енгізу қажеттігін айтты