Нұр-Сұлтан қаласындағы "Атырау" көпірі жобасы халықаралық байқаудың финалисі атанды. Бұл туралы boty.archdaily.com хабарлады.

Жуырда архитектура туралы ArchDaily сайты мен Strelka институты бірігіп ArchDaily&Strelka Award 2021 аталымына дауыс беру басталғанын хабарлады. Бүгін, 1 қыркүйекте, байқаудың үш финалисі белгілі болды. Олардың ішінде астанада салынған "Атырау" көпірі бар.

Байқауға салынған мерзімі 5 жылдан аспаған жобалар қатысты. Бірінші тур нәтижесі бойынша 15 жоба байқаудың шорт-парақшасына ілінген болатын. Қазақстан атынан қатысқан жобаның авторы –  "Урбанистика орталығының" жетекшісі, урбанист, сәулетші Асхат Сәдуов.

©Асхат Сәдуов ̸ астанадағы "Атырау" көпірі

Еске салсақ, астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысы елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын көпір салып берді. BI Group компаниясы оның құрылысын 181 күнде аяқтады. Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр.