Қараша айының басында жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдауды бастау жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info.

“Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін алдын ала интернет-ресурстарда құжаттарды тапсыру мерзімі және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, бұл тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге берілетінін хабарлаймыз. Яғни, 5 жылдан кейін сіз берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек. Егер сіз іріктеуден өтіп, осындай тұрғын үйді алсаңыз, тұру кезінде өз пәтеріңізге бастапқы жарнаны жинауға кеңес береміз. Егер бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлесеңіз, онда осы тұрғын үй үшін 5-15 000 теңге төлейсіз, бұл сізге өз тұрғын үйіңізді сатып алу үшін 5 жыл ішінде ақша жинауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Құжаттар 2021 жылдың қараша айының басында тек электронды түрде қабылданады. Ол 5 жылға ұзарту және сатып алу құқығынсыз беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000-15 000 теңгені құрайтын болады. 

Шарттары:

  • ҚР-ның 29 жасқа толмаған азаматы;
  • аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасқан;
  • Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
  • өтініш берушіде және отбасының барлық мүшесінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ, 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
  • төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).