EXPO іскерлік орталығының аумағындағы ашық алаңда конькимен сырғанаудың V маусымы ашылды. Сыйымдылығы 200 адамға дейінгі EXPO мұз айдыны NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбінде орналасқан. Ауданы – 1 500 шаршы метр.

Конькимен сырғанау барлығына тегін. Мұз айдын жұмыс күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілер үшін киім ауыстыратын жылы бөлме қарастырылған. Сондай-ақ мұз айдынның жанындағы тамақтану орындарына барып демалуға болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 3 мың автокөлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты тұрағы бар.

Мұз айдынына өз конькиіңізбен келуге немесе сол жерде жалға алуға болады. 2 сағаттық сеанс – 500 теңге. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер маска тағып және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауы қажет.