Елімізге Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан вирус табылды
Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 2700 дана бумадағы өнімді тәркілеп, оны өртеп жіберген.Қоңыр қатпарлы вирус табылған дақылдар тек арнайы пеште жойылады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл індет көкөніс тұқымында тез таралады. Ал вирус таралған тұқымдардан өнім шықпайды. Мамандар вирустың адам ағзасына келтірер зияны жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, тобамовирус табылған қызанақ тұқымдарын жеке кәсіпкер көрші елдің тұрғынынан сатып алған екен. Ол әкімшілік жазаға тартылды.
Оқи отырыңыз: Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды
"Біздің шаруа қожалықтары, яғни жылыжайда өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың аумағына қауіпті болып табылады. Неге десеңіздер, ол тұқыммен де тарайды, жәндікпен де тарайды. Соттың шешімімен өнім иесіне, ол жеке компания болып табылады, соған 103 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", – деп жазылған ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі аумақтық инспекциясының басшысы Сымбат Қалиасқаров.