Ақмола облысына жұмыс сапарында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан 22 мың жетім баланың 83%-ы отбасында тәрбиеленіп жатқанын айтты. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

"Биыл 1 қыркүйектен бастап бүкіл білім беру ұйымдарында отбасы, оқушы және мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастады. 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асып жатыр. Ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Үш жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 14-ке азайып, 36 балалар үйі – балаларды қолдау орталығына айналды. 22 мың жетім баланың 83%-ы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Біз жетім балаларды қолдау үшін кәсіби патронат отбасылар институтын енгіземіз", – деді Еділ Оспан.


Оқи отырыңыз: Білім министрі: "Аналар үйінің" арқасында 11 жыл ішінде 121 жетімдер үйі жабылды.


Вице-министр тұрғындардың жекелеген сұрақтарына да жауап берді.

Тұрғындарды инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, техперсонал және қосымша білім беретін педагогтердің жалақысын көтеру, мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері қызықтырды.