Елімізде терроризмді насихаттап жүрген төрт адам ұсталды
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алындыТерроризмді насихаттап жүрген төрт Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматын ұстады.
Оқи отырыңыз: ҰҚК: Мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады
"Фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды", – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.