Елімізде бір апта ішінде 3 600-ден астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

"Оның 1 893-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" екі кісі өлтіруді, бір өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, екі қарақшылық, 35 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты", — деді Шұғыла Тұрлыбек.