Балаларды мектепке қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Бүгінде 1-сыныпқа 336 000 астам оқушы қабылданды.